“Дәстүрге жол-ұлт ұлағаты” атты тренинг өтті.
20 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Асыл әжелер” клуб мүшелері Урусбаева Жұмакүл Қалиқызы, Тілендиева Нурипа Әбішқызы және “Алмас” колледжінің білімгерлерінің қатысуымен “Дәстүрге жол-ұлт ұлағаты” атты тренинг өтті. Шара барысында кітапханашы жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттаса, әжелеріміз ұмыт болып бара жатқан “Қапқа салар”, “Той малы”, “Қыз алар”, “Шатыр байғазы”, “Қоржын сөгу”, “Күйеуаяқ”, “Шеге шапан”, “Қарғыбау”, “Біз шаншар”, “Қыз көру” салт-дәстүрлерінің мағыналарына пікір талас жүргізді. Мақсаты: Жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, қазақтың жөн-жоралғысын ұлықтауға шақыру.



