Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр-Бауыржан “ портреттік кеш өткізілді.

20 мамыр күні Шу қалалық №2 кітапхананың ұымдастыруымен “Ел болып оқимыз» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен батыр, тірісінде аты аңызға айналған қазақтың жауынгер ұлы, қолбасшы, ерліктің ерен үлгісі Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай “Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр-Бауыржан “ портреттік кеш өткізілді. Іс-шара батыр, жауынгер, әскери қолбасшы, стратег, жазушы, суретші, ақын — Бауыржан Момышұлы туралы тереңнен сыр шертіп, сондай-ақ батырдың бастан кешкен оқиғаларын, өмір жолын және шығармаларын айтып өтті. Оқырмандардың патриоттық сезімін оятты. Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады. Кітапхана қызметкерлері батыр Бауыржан атамыздың шығармаларына дайындаған «Батыр халық жүрегінде» тұрақты кітап көрмесіне шолу жасады. Мақсаты: Ұлы даланың алып ұлы Бауыржан Момышұлын, қазақ даласына, Отанға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.