“Жемқорлықсыз қоғамға қадам” атты дөңгелек үстел өтті.

19 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин орта мектебінің 10 сынып оқушыларының, полиция капитаны Бекен Дулат Талғатұлының қатысуымен “Жемқорлықсыз қоғамға қадам” атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кітапханашы жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беріп өтсе, полиция капитаны Дулат Талғатұлы қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлыққа алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттады.

Мақсаты: Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, ҚР адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге тәрбиелеу.