«Абайтанушы ғалым – Мекемтас Мырзахметұлы» атты әдеби подиум өтті.
19 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының 95 жылдық мерейтойына орай «Абайтанушы ғалым – Мекемтас Мырзахметұлы» атты әдеби подиум өтті. Шараға Алға орта мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Абайтанушы ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармаларын еске түсіру арқылы оқырмандардың білімдерін тереңдету, кітабы ұлттық сананы оятуда өзіндік орны бар бірегей еңбек ретінде насихаттау.
Кітапхананың кітап қорына келіп түскен профессордың «Абайтану» атты жаңа кітабын оқырмандарға таныстыру, кітап оқуға шақыру.


