«Ұлт жанашыры» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

19 мамыр күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен Абайтанушы, Бауыржантанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының 95 жылдық мерей тойына орай «Ұлт жанашыры» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы өмір бойы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын зерттеуге ден қойып, “Толық адам” іліміне терең талдау жасаған, жастардың рухани дамуының іргетасы ретінде қарастырған ғалым туралы баяндама оқыды.