«Дәуірдің,уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын» тақырыбында әдеби подиум өткізілді.

16 мамыр күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли Қазақстанның халық жазушысы, ақын, туғанына 90 жыл толуына орай «Дәуірдің,уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын» тақырыбында әдеби подиум өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға ақынымыз әрі жазушы Қадыр Мырза Әли туралы түсінік беру. Дүниетанымдарын кеңейту, өз беттерімен ізденушілікке дағдыландыру. Қадыр ата өлеңдерін мәнерлеп жатқа айта білуге дағдыландыру.