,,Рухы биік қаламгер” тақырыбында ой-талқы өткізілді.

16 мамыр күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы жазушыларының бірі,филология ғылымдарының докторы,профессор Мекемтас Мырзахметұлының 95 жылдық мерейтойына орай Саттар Естемесов мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен ,,Рухы биік қаламгер” тақырыбында ой-талқы өткізілді.Іс-шарада Мекемтас Мырзахметұлының өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылып,ашаршылық куәгері болып жазған ,өз өмірін анасының бала кезінде ұрпақ қалсын деп қарындасын қасқырларға қалдырып кеткен әңгімесі оқылып оқырмандар үлкен әсер алды.