“Отбасы-өмір аясы”атты дөңгелек үстел өтті.
15 мамыр күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 15 мамыр – Отбасы күніне орай “Отбасы-өмір аясы”атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кітапханашы “Ұяда не көрсең,ұшарда соны ілесің” атты баяндама оқып, кітапхананың тұрақты оқырмандары отбасы құндылықтарының маңызы туралы пікір алмасты.


