«Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
15 мамыр күні Еңбекші ауылдық кітапханасы «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан – жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды


