«Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты тәрбие сағаты өтті.

15 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 15 мамыр – Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды отбасы күнімен құтықтап, отбасындағы тәрбие, Отан- отбасынан басталатыны туралы айтып өтті. Кеш қонағы Омарбекова Бағдат сөз кезегінде саналы ұрпақ, ұлттық құндылықтар, отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылатыны туралы, жастарға келешекте үлгілі отбасын құруға, отбасындағы жауапкершілікке дайын болсын деген тілегін білдірді.