“Әнуар – ұлтын сүйген ұлтжанды азамат” тақырыбында библиошар өтті.

12 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті қазақ жазушысы, публицист және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың 95 жылдық мерейтойына орай “Әнуар – ұлтын сүйген ұлтжанды азамат” тақырыбында библиошар өтті. Іс-шара барысында оқушылар жазушының сан қырлы шығармашылығы мен қоғамдық қызметімен тереңірек танысып, шарларға жапсырылған сұрақтарға жауап берді.