“Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады” атты поэзиялық кеш өткізіледі.

8 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай “Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады” атты поэзиялық кеш өткізіледі.Іс -шара барысында Ұлы Жеңіске жеткен бабалар ерлігін дәріптеп, жеңіске жету жолындағы қанды майдан тарихын біліп, қазақстандық батыр ардагерлердің өмірбаянымен таныстырып, бейне слайд көрсетіледі. Жеңіс туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді.