“Ерлік- елге мұра ұрпаққа ұран!” атты ақпарат сағаты өтті.
8 мамыр күні Абай ауылдық кітапханасында 9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, болашақ ұрпақты Ұлы Отан соғысы жылдары ата- бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, Отанды қорғауға, батылды батыр, ержүрек болуға үйрету мақсатында “Ерлік- елге мұра ұрпаққа ұран!” атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы майдангерлердің тылда аянбай еңбек еткен ерліктері туралы қысқаша баяндап, қойылған ауылымыздын ардагерлердің портреттерімен таныстырды.

