«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты әдеби әуенді кешін өткізді.

8 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты әдеби әуенді кешін өткізді. Іс шара барысында оқырмандар қан майданда жан қиярлық ерлікпен Ұлы Жеңіске жеткен бабалар ерлігін дәріптеп, жеңіске жету жолындағы қан майдан тарихын біліп, қазақстандық батыр ардагерлердің өмірбаянымен танысып, Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушысы Тұрсынбек Санжар «Ұлы Жеңіске» атты монологын оқыса, С.Сейфуллин мектебінің оқушылары «Отан үшін отқа түс» атты көрінісін көрсетіп, өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Мәдениет үйінің қызметкерлері ән айтып, күй тартып іс-шараға ат салысты.