«Ұрпаққа ұран болған-ұлы Жеңіс!» атты тарих сағаты өтті.
8 мамыр күні Ұлы Отан соғысының аяқталып, Жеңіс Туын көтергеніне 80 жыл толып отыр. Жеңіс күні – ұрпақтар жадындағы ұмытылмас ерлік пен жеңістің мәңгі естелігі.
80 жылдық бұл тарихи оқиғаны еске алып ұлықтау мақсатында Қонаев ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұрпаққа ұран болған-ұлы Жеңіс!» атты тарих сағаты өтті. Іс-шара барысында оқырмандарымыз патриоттық өлеңдер оқып,би биледі.
Бұл күн – тарихымыздағы ең ауыр да, ең қастерлі күндердің бірі. Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына тағзым ету – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Бұл іс-шара – бейбіт өмірдің бағасын ұғынуға, Отанды сүюге тәрбиелейтін маңызды қадамдардың бірі. Бізге мұра болып қалған Жеңіс – батыр бабаларымыздың ерлігі мен халқымыздың табандылығының нәтижесі. Оларды ұмытпау – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы – тарихқа тағзым ету, ерлікті еске алу, бейбіт күннің қадірін білуге бағытталған маңызды дата. Бұл күн – ұрпаққа үлгі, елге аманат.

