«Ұлттық әскеріміз – Тәуелсіздік» атты патриоттық сағаты өткізілді.

6 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Отан қорғаушылар күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ұлттық әскеріміз – Тәуелсіздік» атты патриоттық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларды елімізді қорғауға, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу. Іс – шарада соғыста ерлік көрсеткен батырларды еске алып, олардың өшпес ерлігін ұлықтады. Оқырмандар назарына батырлықты, ерлік пен патриотизмді дәріптейтін Отан күніне байланысты видеоролик көрсетіліп, әдебиеттерге шолу жасалды.