«Қазақ прозасының жарық жұлдызы» атты кітапхана-квест өткізді.

5 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, көркем сөздің шебері Қарауылбек Қазиевтің 85 жылдық мерейтойына орай «Қазақ прозасының жарық жұлдызы» атты кітапхана-квест өткізді. Шарада кітапханашы өмірден ерте өткен талантты жазушының артында мол болмаса да, сапалы мұра қалғаныдығын баяндап, кітапхана қорындағы кітаптарымен таныстырды.