“Әскер-Тәуелсіздік қорғаны” атты библиошар өткізді.

5 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ш.Мұртаза орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен “Әскер-Тәуелсіздік қорғаны” атты библиошар өткізді.

Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау болып табылады. Биыл еліміздің айбыны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына – 33 жыл толып отыр. Шарада балалар ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихымен танысып, Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, өз Отанын сүйетін азамат болып өсулеріне насихаттайтын әңгіме өтті. Шара соңында Отан туралы мақал – мәтелдер, сұрақ қойып сұрақтарға жауап беріп, көрмемен танысты.