“Достық-біздің тірегіміз”атты этнос кеші өтті.

30 сәуір күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 1 – мамыр Қазақстан халықтарының достығы күніне орай “Достық-біздің тірегіміз”атты этнос кеші өтті. Кітапханашы Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығы туралы баяндама оқып берді. Өз кезегінде М.Маметова мектебінің 9 және 8 сынып оқушылары қазақ, өзбек ұлттарының дәстүрлері жайлы сұрақтарға жауап берді.