«Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты портреттік кеш өткізілді.

30 сәуір күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, Ж.Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты портреттік кеш өткізілді. Кеш барысында Жұмекеннің жыр әлеміндегі дара бітім-болмысы мен өзіндік қолтаңбасы туралы айтып, білімгерлер ақынның өлендерін оқыды.