«Зорлық – зомбылық балалық шақ» тақырыбында ақпарат сағат өткізілді.

30 сәуір күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №10 Шу колледжінің студенттері мен оқушылар сарайының психологы Шохаева Назираның қатысуымен «Зорлық – зомбылық балалық шақ» тақырыбында ақпарат сағат өткізілді. Шара барысында кітапханашы Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу туралы айтып, психолог маман тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырмау туралы баяндама оқыды.