«Ынтымақ бірлік, келісім ең басты байлық, ел үшін» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.

30 сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Ынтымақ бірлік, келісім ең басты байлық, ел үшін» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Кешке қатысушы оқырмандар түрлі ұлт өкілдерінің киімдерімен кешті көркемдеп, Қазақстанға, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы білдірді, Кітапхананың тұрақты оқырманы Дүйсенқұл Нұрайлым «Елім барда Егемен», Төлебек Мұқан «Отан» өлеңдерінен үзінділер оқыды.