«Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

28 сәуір күні  Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау жыршы Жамбыл Жабаевқа арналып «Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен туындылары туралы айтылып, «Алатау», «Өсиет», «Ленинградтық өренім» өлеңдері оқылды. Оқушылар жыршы өмірінен сұрақтарға жауап берді.