«Кітап шоу – 2025» кітап фестивалі өтті.
22 сәуір күні Бүгін №1,2,3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Теміржолшылар саябағында «Кітап шоу – 2025» кітап фестивалі өтті.
Фестивальға Шу қаласы әкімінің орынбасары Төлендиев Болатжан Бақытұлы, кітапхананың тұрақты оқырмандары, білімгерлер және мектеп оқушылары қатысты. Кітап фестиваліне қазақ және әлем әдебиетінің байлықтарынан кітап инсталяциялары, кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Фестиваль барысында қала әкімінің орынбасары қала тұрғындары мен барша кітап сүйер оқырмандарды шаһарды төл мерекесімен құттықтады. Мереке көрігін қыздырған Аллаберген Еркеназ «Білезік» биін белесе, «Айжұлдыз» би тобы «Қазақ» биін билеп, Тойшы Дидар «Жалғызым қазақ», Нұртаева Рабиға «Жолыққан қандай жақсы» әндерін орындады. Сондай-ақ, кітапханашылар оқырмандармен викториналық-интеллектуалды ойындар өткізіп, белсенді қатысқан оқырмандарға сыйлықтар табыстады. Мақсаты: Кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.




