Үлкен әлемге жол ашатын кітап атты буккроссинг өткізілді.
22 сәуір күні Далақайнар ауылдық кітапханасында 23 сәуір –Дүниежүзілік кітап күніне орай “Үлкен әлемге жол ашатын кітап” атты Т.Әшімбаев орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен буккроссинг өткізілді. Шара барысында кітапханашы кітап қорындағы жаңа түскен әр – түрлі кітаптар мен оқушыларды таныстыра отырып, кітапқа деген қызығушылықтарын аттыруға, кітап баға жетпес білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы екенін түсіндіріп өтті. Осы шараға қатысқан оқушылар өздері ұнатқан кітаптарын оқи отырып, кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік, кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі – өнеге мен тәрбие алатындарын айтып өтті.


