«Ұлылардың ұлысы – Абай» тақырыбында библиошар өтті.
21 сәуір күні балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» тақырыбында библиошар өтті. Кітапханашы қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыз туралы таныстырып, ақынның өмірі мен шығармаларына шолу жасады. Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.



