«Ертегілер елінде» атты ертегі оқу ұйымдастырылды.

18 сәуір күні Белбасар ауылдық кітапханасының ұйымдастырумен 23 сәуір Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай «Ертегілер елінде» атты ертегі оқу ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегілерін, оның шығу тарихы туралы қысқаша айтып, «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегісін оқып берді. Мақсаты: оқушыларға өз ойын жеткізуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге үйрету.