«Кітап шоу – 2025» кітап фестивалі өтті.

17 сәуір күні Орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай М.Жүнісәлиев саябағында «Кітап шоу – 2025» кітап фестивалі өтті. Мақсаты:Оқырмандарға ауданымыздан шыққан ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау. Халықтын кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу арқылы оқырмандардын сөздік қорын, ой өрісін дамуын, рухани байлығын кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Фестивалға Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, ауыл ақсақалдары, мектеп оқушылары мен кітапханашылар қатысты. Іс-шара аясында бірқатар кітап инсталяциялары, тактильді кітаптарға шолу, кітап керуені көпшілік назарына ұсынылды. Сондай – ақ жергілікті ақын жазушылардың кітап туындыларының макеттерінен көрме ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына кітапханашы кітаптың шығу тарихы оның мәдени маңызы туралы ақпараттар ұсынып, белсенді жас кітапханашылар кітап пен білім тақырыбында өлеңдер оқып, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін білдірсе, кітапхана оқырмандары ән – биден шашу шашты.Сонымен қатар қалалық кітапханалар оқырмандармен викториналық интеллектуалды ойындар өткізіп, балалар мен жасөспірімдер кітапханасы балаларға арналған ертегі, құрастырмалы санамақ кітаптарын таныстырды. Бұл күн кітап пен кітапхананың адамзат өркениетіндегі орнын дәріптеген маңызды шара ретінде есте қалды.