«Рухты асқақтатар рәміздер» атты тәрбие сағаты өткізілді.
16 сәуір күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж. Баласағуни атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушыларымен 4-маусым рәміздер күніне орай «Рухты асқақтатар рәміздер» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс -шарада Мемлекеттік әнұран орындалып, кітапханашы оқырмандарымызға Қазақстан Республикасы рәміздер туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, кітапхананың тұрақты оқырманы З.Меден, А.Бауырхан сұрақ-жауап, мақал- мателдер, «Сөз ойла, тез ойла!» сөздерден жаңа сөз ойлап жазды.



