“Жол таптым бар халықтың жүрегіне” атты библиографиялық шолу өтті.
16 сәуір күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, Қазақстан халық жазушысы С.Мұқановтың 125 жылдығына орай “Жол таптым бар халықтың жүрегіне” атты библиографиялық шолу өтті. Іс-шараға М.Мәметова мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы оқушыларға жазушының өмірбаянымен таныстырып, соңында жазушының шығармашылығы туралы бейнебаянын тамашалады.



