«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
15 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шарада қатысушылар жемқорлық жайлы өз ойларын, оның қай жерде көп кездесетінін талқылады. Сыбайлас жемқорлық елдің экономикасының дамуына кедергі келтіретінін ортаға салып, болашақта жемқорлықпен күресу жолдарын айтты.
Мақсаты: Оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу, қабілеттерін дамыту. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.



