«Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты» әдеби подиум ұйымдастырды.

11 сәуір күні Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, драматург Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл. Осы орайда Тасөткел ауылдық кітапхана қызмеркерінің ұйымдастыруымен «Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты» әдеби подиум ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақ әдебиетін жастар арасында кеңінен дәріптеу. Ш.Мұртаза орта мектебінің оқушыларының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында қаламгердің тағылымға толы өмір жолы жайында ақпарат берілді. Оқырмандармен сұрақ–жауап алмасып, жазушының өмір жолымен, шығармаларымен таныстырып, баяндама оқыды. Шара соңында кітап көрмесімен таныстырылды.