”Шудан шыққан жауһар” атты еске алу кеші өтті.
8 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жібек Жолы лицейінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен ақын, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Аяз Бетбаетың 82 жасына орай ”Шудан шыққан жауһар” атты еске алу кеші өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға жергілікті ақынның өмір жолымен таныстырып, өнері туралы мәлімет берді.


