“Болмысы кең даладай байтақ жан” тақырыбында библиофреш өтті.
8 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында жазушы, ақын, аудармашы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау мақсатында “Болмысы кең даладай байтақ жан” тақырыбында библиофреш өтті. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, көптомдық “Шығармалары” кітабы таныстырылды.


