«Бақытым да, байлығым да денсаулық» атты библиотерапия өтті.
7 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 7 сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Бақытым да, байлығым да денсаулық» атты библиотерапия өтті. Іс – шараға ауыл медбикесі Елюбай Аделя және Шерхан Мұртаза атындағы 7 сынып оқушылары қатысты.
Кітапханашы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, жеке бас гигиенасын сақтауға, спортпен шұғылдануға, мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды.
Медбике Елюбай Аделя өз сөзінде әрбір азамат спортпен айналысып, әртүрлі спорт секцияларына қатысып, еліміздің дені сау, рухы күшті азаматы болып өсулеріне тілектес екенін білдірді.
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы болуға тәрбиелеу.



