,,Әлемге әйгілі ұлы есім» тақырыбында ерлік сағаты өткізілді.
4 сәуір күні Шу ауданы Көкқайнар ауылдық кітапханасында ,,Ел болып оқимыз» жобасы аясында Қазақтың халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, әлемге әйгілі ұлы есім Бауыржан Момышұлына арналып ,,Әлемге әйгілі ұлы есім» тақырыбында ерлік сағаты өткізілді.
Мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмір жолдарымен, көрсеткен ерліктерін, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның абыройын, намысын қорғай білуге, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу. Іс-шарада кітапхана оқырманы Әділбай Ақжан М.Мақатаевтың ,,Бауыржан Момышұлы» өлеңін оқып берді.

