“Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз” атты флешмоб өтті.
4 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай “Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз” атты флешмоб өтті.
Мақсаты: Оқушыларға денсаулық туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын сақтау және денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Оқушыларға өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.

