«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты әңгіме сағаты өтті.
4 сәуір күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты әңгіме сағаты өтті. Іс-шараға Жамбыл атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында кітапханашы зиянды әдеттердің зардаптары туралы және ерте жастан бастап саналы түрде өз денсаулығын сақтауға, жаман әдеттерден бас тартуға керектігін және ол үшін салауатты өмір салты туралы қызықты да пайдалы ақпараттарды біліп, өмірде қолдануға дағдылану қажет екенін айтып өтті.


