«Жемқорлық қоғам дерті» атты библиофреш өтті.

4 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкері қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ҚР -на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Алға орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Жемқорлық қоғам дерті» атты библиофреш өтті. Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан, онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамға зияны туралы жан-жақты түсіндіріп, баяндап өтті.