«Оқуға құштар жүректер» облыстық байқауында Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Нұржанқызы Әсел бас жүлдені жеңіп алды

2 сәуір күні «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: Сапарғали Бегалин – 130 жыл, Өтебай Тұрманжанов – 120 жыл, Сансызбай Сарғасқаев – 100 жыл, Асқаржан Сәрсек – 75 жылдығына арналған шығармашылық көркем әдебиет туындаларын ең көп оқитын оқырмандар арасында «Оқуға құштар жүректер» облыстық байқауында Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Нұржанқызы Әсел бас жүлдені жеңіп алды.