«Қазақ музыкасының сайыпқыраны» атты сыр кеші өтті.

1 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның және КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтың 100 жыл мерейтойына орай «Қазақ музыкасының сайыпқыраны» атты сыр кеші өтті. Шара барысында әйгілі композитордың өмірімен таныстыра отырып, ол қазақ топырағындағы ежелгі Қорқыт, Асанқайғы, Кетбұға бертін келе-Құрманғазы, Қазанғап, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді ұлы композиторлардың музыкалық дәстүрін жалғастырушы талант иесі екені жайлы айтылып, халыққа танымал туындылары тыңдалды.