«Өнерін өнеге еткен» атты дауыстап оқу өткізді.
1 сәуір күні КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы, қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай, кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі «Өнерін өнеге еткен» атты дауыстап оқу өткізді. Сазгер 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да кең. Ішінде ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера мен балет бар. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды. Бөлім оқырманы Б.Қасымқұлов күйші композитордың «Құстар қайтып барады» әнін орындады.


