«Бірлік пен татулық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

1 сәуір күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бірлік пен татулық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің ұлт және мемлекет үшін маңыздылығын, негіз екенін көрсету. Ана тіл ұғымын қалыптастыра отырып, қазақ халқы ана тілінің қоғамдағы басымдылығын, рухани ұйыстырушы, ұлтаралық бірлікті нығайтушы фактор ретіндегі айқын рөлін түсіндіру, сонымен қатар Қазақстандағы этностардың ана тілдерінің дамуы мен сақталуы жөнінде пікір алмасу. Отырыс барысында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының ұлт руханияты және ел бірлігі тұрғысындағы құндылықтары, ел тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын күшейтудегі мемлекеттік тілдің мәртебесі мен орны төңірегінде ой қозғалды.

Возможно, это изображение 24 человека, люди учатся и текст