“Салауатты өмір-біздің болашағымыз” атты денсаулық сағаты өтті.
31 наурыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен оқырмандар арасында әрбір азаматтың салауатты өмір салтын ұстануға, ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру мақсатында “Салауатты өмір-біздің болашағымыз” атты денсаулық сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керектігі жайлы айтып, медбике Рахымбаева Арай денсаулықты күту,сондай ақ туберкулез сияқты т.б жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын айтып өтті.

