“ Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев” атты портрет кеші өткізілді.
31 наурыз күні балалар мен жасөспірімдер арналған кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әйгілі күйші,композитор, домбырашы – Нұрғиса Тілендиев атамыздың 100 жыл мерей тойына орай “ Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев” атты портрет кеші өткізілді. Мақсаты: өнерді сүйе білуге тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарды әлемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы қалыптастыру. Оқушылар өнер иесінің туындыларын тыңдап, өлеңдерін нақыштап айтты.

