«Қазақ барда – сен барсың, Қадыр аға!» тақырыбында баяндама жасады.
28 наурыз күні Шу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында «Тілім менің, қасиетті тірегім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында қазақ тілінің өзге ұлт өкілдері арасында танылуы мен дамуына үлес қосу, қазақ тілін үйрену үдерісіндегі қиындықтар мен жетістіктері мәселелерінде өзара ашық пікір алмасты. Кітапхана оқырманы қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Чакалова «Қазақ барда – сен барсың, Қадыр аға!» тақырыбында баяндама жасады.
Ақын Қадыр Мырзалиевтың өлеңдерін жатқа оқып, қазақтың ұлттық әндерін орындап, өз өнерлерін көрсетті.
Өз тілімізді мақтан тұтып, оны сақтау мен дамыту әрбір қазақстандықтың басты міндеті мен борышы екенін атап өтті.
Айта кетейік, аталған іс-шара қазақ тілі мен еліміздегі ұлттар арасындағы байланысты нығайтып, болашақта мәдениетіміздің әрі қарай дамуына үлес қосатын маңызды қадам болып табылады.

