“Әзіл-сықақ өнерінің шебері”атты өмірбаяндық шолу өтті.
28 наурыз күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында Қазақстанның қоғам қайраткері сықақшы Көпен Әмірбектің 75 жылдық мерей тойына орай “Әзіл-сықақ өнерінің шебері”атты өмірбаяндық шолу өтті. Шара барысында Көпен Әмірбек – қазақ сатирасының талантты өкілі. Ұғымға айналған есім. Жүрген ортасын әзіл-қалжыңға қарық қып, маңайына шұғыла шашып өткен тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығы айтылды.


