«Еңбекті сүйгенді елі сүйеді» тақырыбында еске алу кеші өтті.
28 наурыз күні аудандық орталық кітапханада Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 129 жыл толуына орай «Еңбекті сүйгенді елі сүйеді» тақырыбында еске алу кеші өтті.
Шопан кәсібінің абыройы мен даңқын асырып мал шаруашылығы тарихында із қалдырған Жазылбек Қуанышбаевтың қызметін, азаматтық тұлғасын өнеге тұтып, құрметтеуге баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға зиялы қауым өкілдері және Жаз атаның көзін көрген Шу аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қойшыбеков Жылқыбай қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.
«Жаны жайсаң Жаз атаға» арналған арнау өлеңдерін кітапхана қызметкерлері оқып, Жазылбек Қуанышбаевтың өмірбаяны туралы бейнетаспа көрсетілді.

