«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

27 наурыз күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жангүлім» балабақша қызметкерлерінің қатысуымен

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру. Шара барысында кітапханашы әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктерімізді пайдалана білуіміз керек, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері және оған қарсы күрес-әрбір азаматтың міндетті екені туралы айтты. Дөңгелек үстелде оқырмандар жемқорлықсыз болашақ өзімізден және өз мекенімізден басталатыны туралы өз ойларын ортаға салды.