“Өнерін өнеге еткен-Нұрғиса Тілендиев” атты кешкі портрет өткізілді.

27 наурыз күні Ақсу  ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кеңес Одағының Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай “Өнерін өнеге еткен-Нұрғиса Тілендиев” атты кешкі портрет өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы өнер қайраткерінің өміріне шолу жасап, 20-шы ғасырдағы “Көш керуен”, “Ата толғауы”, “Аққу”, “Әлқиса”, “Махамбет” атты жарыққа шыққан күйлеріне тоқталып, Ақсу әкімшілігінің бас маманы Е.Есеналиев Н.Тілендиевтің өнерін, қалдырған асыл музыкасын халқының құлағында мәңгі қалатынын атап өтті.